Үздік жауынгерлік парақ байқауы

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс басшылығы Конституция күніне орай үздік жауынгерлік парақ байқауын ұйымдастырды.
Әрбір жауынгерлік парақ – курсанттардың Конституция туралы жеке көрінісін, Тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын бейнелеп көрсете білді.
Қорытынды шығару оңай болған жоқ, әрбір жұмыс тақырыптық ерекшелігімен және орындаудың бірегей техникасымен ерекшеленді. Байқауға ұсынылған жауынгерлік парақтардың рейтингі келесідей:
1- орынды – 303-взвод;
2- орын – 306-взвод;
3- орынды – 301 взвод иеленді.
Әрбір курсант бұл байқауда өзінің шығармашылығын таныта білді.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Сайлау