Үздіктер марапатталды

Қостанай академиясы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай тіл апталығын өткізген болатын. Апта сайын әртүрлі бағытта Академия қызметкерлері мен курсанттары арасында сайыстар, дәрістер өткізіліп, апталықтың соңында үздік деп танылғандар марапатталды. Атап айтсақ, «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында эссе жазу бойынша:

1-орынды 402 топ курсанты Бағжан Халенова
2-орынды 402 топ курсанты Виктория Вьюшкина
3-орынды 409 топ курсанты Ислам Құттыбек алса, «Тіл – достықтың көпірі» атты викторинада үздік деп «Сұңқар» тобы танылды. Ал, «Үздік аудармашы» сайысы бойынша:

1-орынды ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Анна Медведева;
2-орынды Психолог мамандарын даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының инспектор-психологы Тимур Абдраймов;
3-орынды Ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері полиция майоры Ольга Савицкая иеленді.

Біз барлық жеңіске жеткен Академия қызметкерлері мен курсанттарын шын жүректен құттықтаймыз!