«Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2019 жылдың 15 қарашасында ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына орай ұйымдастырылған «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Бұл конференцияға РФ ІІМ Урал заң институтының, Оренбург мемлекеттік университетінің өкілдері және ведомстволық оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен доктаранттары, сонымен қатар құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметкерлері қатысты.
Конференция жұмысы барысында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институтының ғылыми және педагогикалық магистратурасының бастығы, фиолософия ғылымдарының докторы (PhD), полиция майоры Е.Е.Қайнар өзінің ғылыми мақаласымен қатысты.
Конференция қатысушылары құқық қорғау органдары саласындағы
өзекті мәселелерді талқылап, әрбір сала бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
Ғылыми конференцияда зерделенген әрбір ғылыми нәтижелердің аясында ұсыным жинағы әзірленді.

Магистратура бөлімі