Құрметті ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы академиясының қызметкерлері, магистранттары, курсанттары мен тыңдаушылары!

Қашықтықтан оқыту тәжірибесін талдап, сонымен қатар бірқатар техникалық мәселелерді ескере келе, біз осы телеграм-каналын Академияның қолданыстағы ақпарат ресурстарына қосымша ретінде қосып отырмыз. Сабақтарды, тренингтер мен кеңес берулерді аудиоформат түрінде жүргізу жоспарлануда. Контентті беру сапасын  жақсарту, сонымен қатар оқу материалын игеру үшін, бізге Сіздердің ой-пікірлеріңізді білу маңызды. Өздеріңіздің ұсыныстарыңызды оқытушыларыңызға, техникалық қолдау көрсететін топтың балаларына, сонымен қатар жеке менің поштама жіберуге болады.
Бұл каналдың сұраныста болуы оқу материалын беру нысанына байланысты. Осы мәселе бойынша біздің барлық ұжымымыз жұмыс істеп жатыр. Бірақ, студенттік шағымдағы бір оқиға есіме түсті, ол мені мынадай ойға әкелді. 80-жылдардың аяғында Қарағанды мемлекеттік университетінің  жатақханасында электр қуаты жиі өшірілетін, әсіресе емтихан уақытында орын алатын. Ондай кезде біз бір бөлмеге жиналып, емтихан сұрақтарын бірге талқылайтынбыз. Яғни, арамыздағы сұрақты жақсы білетініміз басқаларымызға материалды түсіндіретін және сол тақырып бойынша сұрақтарға жауап беретін. Ал білмеген жағдайда, майшам жағып оқулықтар мен конспектілерге жүгінетінбіз, содан кейін бір-бірімізге оқу материалын түсіндіріп айтып беретінбіз. Курстасыңнан ақпаратты осындай форматта қабылдау оң әсер ететін, соның нәтижесінде жақсы және өте жақсы бағалар алатынбыз, себебі үштігің болса, шәкіртақы бермейтін. Сондықтан, өздеріңіз жақсы білетін сұрақтар бойынша қысқаша бейне түсіндірмелер немесе кеңестер жазуды және оны каналда орналастырып, өз білімдеріңізбен және тәжірибелеріңізбен бөлісуді ұсынамын. Сіздерден зор қолдау күтемін!

Құрметпен, Нұрлан Биекенов

Уважаемые коллеги, магистранты, курсанты и слушатели Костанайской академии МВД имени Шракбека Кабылбаева!

Проанализировав нашу практику дистанционного обучения, а также учитывая ряд технических проблем мы запускаем телеграмм канал как дополнение к действующим информационным ресурсам Академии. Планируем вести занятия, тренинги и консультации в аудиоформате. Для улучшения качества подачи контента, а также усвоения учебного материала нам важно знать Ваше мнение. Свои предложения можете направлять своим преподавателям, ребятам из группы технической поддержки, а также лично мне на почту.
Востребованность этого канала зависит от формы подачи учебного материала. Заверяю Вас в том, что над этим вопросом работает весь наш коллектив. Но, я вспомнил свою студенческую историю которая навела меня на интересную мысль. В конце 80-х годов в нашем общежитии КарГУ очень часто выключали электроэнергию, в особенности перед экзаменами. Решение было найдено очень быстро — мы собирались все в одной из комнат, где публично разбирали экзаменационные вопросы. Один из нас кто хорошо усвоил конкретный вопрос объяснял нам материал и отвечал на наши вопросы. Если что-то мы не знали, зажигали свечу и обращались к учебникам и конспектам, а после пересказывали друг другу суть учебного материала. Восприятие информации в таком формате от сокурсника давала очень хороший эффект и как следствие хорошие и отличные оценки, поскольку с тройками нам не платили стипендию. Поэтому я хочу предложить Вам записать и разместить на канале непродолжительные аудиоразъяснения или консультации по тем вопросам, где Вы можете поделиться своими знаниями и опытом. Надеюсь на Вашу активную поддержку!

С уважением, Нурлан Биекенов