Құрметті курсант мырзалар!

Әрбір арлы азамат үшін туған Отанын қорғаудан құнды, одан қымбат ешнәрсе жоқ. Бұл шынайы патриотизмді талап етеді. Бұл — зор мәртебе! Қазақтың қаһарман ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс — күймейсің», — деген. Осынау ғасырлар көгіндегі өшпес өсиет — әрбір Отан қорғаушының мәңгілік ұраны болатынына сенімдіміз. Әрбір ер азамат қорғаушы болып жаратылған. Өз Отанын, өз шаңырағын, өз отбасын қорғайды.
Осыған орай, сіздерді рухы мықты, ер жүректі жандар күні, еліміздің ортақ мерекесі — Отан қорғаушы күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілей отырып, әрқашанда өз отбасыларыңызға тіреу, білім ошағында дана болып, болашақта кәсіби қызметтеріңізде қайсар және қайратты болуларыңызға тілектеспіз!

Ізгі ниетпен: Академияның әйелдер кеңесі!