Құрметті еңбек демалысына шығарып салу іс — шарасы

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында жиырма жылдан астам уақыт құқық қорғау органдарында мінсіз және адал қызмет атқарған қызметкерлерімізді зейнетке шығарып салу іс-шарасы өтті. Іс-шараны Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Е.Каппасов зейнеткер қызметкерлерді құттықтап, алғысын айтты. Қызметтік міндеттерін адал орындап, Академияның білім беру жүйесіне, ғылым, тәлім-тәрбие беру мақсатында қосқан үлестері үшін Шырақбек Қабылбаевтың төс белгісімен, грамотамен марапаттады. Құрметті зейнеткерлеріміз қатардағы қызметшіден полковник шеніне дейін қызметтерін бұлжытпай орындаған әріптестеріне Академияның жеке құрамы да өздерінің шексіз алғыстарын білдірді.

Бүгінгі күннің сыйлы қонағы, құрметті зейнеткерлері А.Кусеубаев, Г.Кульжанова, А.Ибраев, А.Базарбаев, А.Дощанова, С.Сафронов, Қ.Туретаев, қызмет жолдарында көптеген жетістіктерге жетіп, жеке құрамға және болашақ тәртіп сақшыларына өнегелі тәлім-тәрбие мен білімдерін одан әрі дамытуға үлкен үлестерін қосты. Іс-шара барысында құрметті зейнеткерлеріміз туралы бейнероликтер көрсетіліп, жеке-құрам, профессорлық-оқытушылық құрам және курсанттардың атынан шексіз алғыстар айтылып, сыйлықтар табыс етілді. Зейнеткерлер де өздерінің алғыстарын білдіріп, әріптестеріне қызмет жолында мансаптық өсу, отбасыларына бақыт, әрқашан биік шыңдардан көріне берулерін тіледі. Әрі қарай мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Аталған іс-шара барысында зейнеткерлерімізді оқу ордамыздың Ардагерлер кеңесінің төрайымы, оқу ордамыздың ардагерлері, профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлер құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасына бақыт, талмас талап және көп жылдар бойы атқарған қызметтеріне алғыстарын білдірді.

Іс-шара «Жан досым» өлеңімен аяқталып, естелікке суретке түсті.