Құрметті Ақпарат және байланыс қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер БАҚ-та қоғамның құндылықтарын қалыптастырып, еліміздің өркендеуі жолында жаңа бастамаларды халыққа таныстырып, дұрыс бағыт-бағдар бересіздер. Журналист, бұл — әрқашан қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімді талап ететін, адалдық пен шындықты айқындайтын, жан-жақты ақпараттар жинайтын, халық пен қоғамға жаңалықтарды жеткізетін, жаңа жобалар мен идеяларды жүзеге асырып, радио, теледидар арқылы талмай ізденетін мамандық.
Құрметті тілшілер! Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, жаңа бағыттар мен жобаларды жүзеге асыруда қанаттарыңыздың талмауын тілейміз. Оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіз көп болып, әрқашан халыққа маңызды жаңалықтар жеткізу жолында қаламдарыңыз мұқалмай самғай беріңіздер!