Құпиялылық режимі пәнінен тақырыптық олимпиада.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 23 мамырында Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы басшылығының ұйымдастыруымен 1 курс курсанттарының арасында «Құпиялылық режимі»пәнібойынша олимпиада өткізілді.

Олимпиада адал әрі шынайы өтуі үшін төрағалық етуге Академиямыздың Жедел-іздестіру қызметі кафедра бастығының орынбасары полиция подполковнигі М.О. Лукпанов, Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы полиция майорыА.Р. Баргаринов және Екінші арнайы топтың бас маманы полиция майорыА.А. Тумурзина шақырылды.

Курсанттар өз деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете білді және сұрақтарға тез әрі толық жауап берді. «Арыстанды арыстандай жігіт жеңеді»-демекші, курсанттар арасынан осы уақытқа дейінгі өткізілген тақырыптарды жетік білетінін жеңімпаз бен жүлдегерлер дәлелдеді.

 

Олимпиада бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлердің тоқырытындысы:

I орын – Моргулова Диана (110 оқу тобының курсанты);

II орын – Байкадамова Мадина (113 оқу тобының курсанты);

ЧернышоваЕкатерина (106 оқу тобының курсанты);

III орын – Халенова Б(102 оқу тобының курсанты);

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының басшылығы шын жүректен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтайды.

Алдағы уақытта өткен тақырыптар курсанттарға тәжірибе жүзінде қолдануда көмегін тигізеді деп үміттенеміз.

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы