Қырағы тәртіп сақшылары


Еліміздің қырағы  тәртіп сақшыларын «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық,  отбасына амандық, еліміздің тыныштығын қорғау жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз.  Сіздерге Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанты полиция қатарындағы Әділ Ілияс жүректен шыққан өлеңін арнайды.

 

Қырағы тәртіп сақшылары

 

 

Жыл ішінде өтетін көп күндердің,

Бір күнін-ап аналарға арнадық.

Отанымды қорғаушы деп ерлерді,

Бір күнді біз әкелерге жалғадық.

 

Бір күн арнап ұстаздарға доғдырға,

Қия салар уақытында бұл бір жүз.

Келген сайын елең кылып қалдырмай,

Атой салып мерекелеп жүрміз біз.

 

Бір күн арнап әр маңызды жандарға,

Әр тұлғаның орны әрине ерек қой.

Бұл күндерді тойлау үшін алдымен,

Қоғамымыз тыныш болу керек қой.

 

Полицейлер ынтымағы елімнің,

Қалсадағы астараныда бар сынның,

Құттықтаймыз сақшыларын тәртіптің.

Жиырма үші күніменен мауысымның.

 

Полицейдің орны әрине ерекше,

Бұл жандарға аса құрмет керек қой.

Қоғам үшін пайдасы зор сала көп,

Полицейдің орны әрине бөлек қой.

 

Қылмыскердің ілінбей тұсауына,

Күнде түсер қауіптің пышағына.

Осылайша қызмет қылған батырлар,

Неге сыймайд (ы) халықтың құшағына!!!

 

Сол қоғамның тыныштығын сақтаған,

Қанша жылдар ел үмітін ақтаған.

Тыныштығы берекесі қоғамның,

Мен полиция болғаныма мақтанам!!!