Қылмыстық процестегі тіл мерекесі

Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осы мерекеге байланысты Қылмыстық процес және криминалистика кафедрасы мен  КОФ 3 курс курсанттары өзге ұлт өкілдерімен, яғни удмурт ұлтты Пряженникова Кристина, әзірбайжан өкілі Кун Азиз және украин ұлтты Вьюшкина Викторияның қатысуымен «Мемлекеттік тілде азаматтарды қабылдау» атты  сайыс өткізді.
Сайыстың басты мақсаты, ол өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінің мәртебесін нығайту, әлеуметтік, мәдени және қызметтік салада оның қолданылуын кеңейту болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ тілін – мемлекеттік тілді оқып-үйрену алынбайтын қамал, аса алмайтын белестей көрінетін. Әсіресе, аға ұрпақ өкілдері, орта жастағы кісілер бұл орайда дәр­менсіздік танытатын. Ал қазіргі таңда, көрініс өзгеше, жаңаша көзқарас қалыптасқаны көңілге қуаныш ұя­латады. Ол осы сайыс  қатысушыларының өздерін таныстыруда, тапсырмаларды орындауында, азаматтармен тілдесіп, сөйлесу барысында өз көрінісін тапты.
Сайыстың шарты бойынша қатысушылар әртүрлі деректер жайында процестік талаптарды сақтай отырып, азаматтардан арыз қабылдады. Нәтижесін шығару үшін оқытушылар мен курсанттардан құрылған әділ қазылар алқасы шақырылды. Толтырылған арыздың мазмұны, заңдылығы, толықтығы және сапасы бағаланды. Сайыстың қорытындысы бойынша аталған талаптардың барлығын жақсы орындаған қатысушы, сайыстың жеңімпазы анықталды, ол — 302 взвод курсанты Вьюшкина Виктория.
Сайыс өз мәресіне жетті. Осын­дай іс-шаралар әлі де жалғасын табады және академия курсанттарының ара­сын­да танымдық қабі­летті артты­ру, ұлтқа, халыққа деген құр­мет сезімін ояту, өзара достық қарым-қатынастарды нығайту, тату­лық­­­қа ықпалын тигізеді деген ниеттеміз.

Қылмыстық процес және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Нурмаганбетова Ж.