Қызмет жайлы әңгіме

2019 жылдың 15-16 қазанында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 3, 4-курс курсанттары 313, 413 оқу топтарының «Пенитенциарлық жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс» және «Жастармен әлеуметтік жұмыс» пәндері бойынша  тәжірибелік сабақтарына практикалық қызметкер қатыстырылды. Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тажикулович сабақ барысында курсанттармен өзінің тәжірибесімен бөлісті. Шаймерден Тажикулович Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылы бақылаушы лауазымынан бастап, өз қызметінде бірнеше лауазымдарда қызмет атқарғанын айтып. қазіргі таңда ҚАЖД бастығының орынбасары дәрежесіне жеткендігін жеткізді. Жұмыс барысындағы түрлі қиындықтар жайында және қызметтің қыр-сыры туралы да айтып кетті.  Сабақ барысында курсанттар қызмет барысында кездесетін қиындықтар жайлы көп сұрақтар қойып, оларға нақты жауап алды. Өз тарапынан  сабаққа қатыстырылған қонақ курсанттарға ақыл, кеңестерін айтып, оқуда сәттілік тіледі.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева