Қызметтің ерекшелігі

 2020 жылдың 4 ақпанында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын  кәсібидаярлық факультетінің 2-курс 214-оқу тобының «Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызмет» пәні бойынша  сабағына тәжірибелік қызметкер қатыстырылды. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкері әділет подполковнигі А.Мусагалиев сабақ барысында курсанттарға өзінің қызметі жайында ақпарат берді.
А.Мусагалиев азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау туралы былай деді: «Бұл жерде ешкімнің де заңды мүддесі аяққа тапталмауға тиіс. Сондықтан да полиция қызметкері немесе қарапайым азаматтар болмасын ешбір жағдайда заң шеңберінен асып кетуге құқығы жоқ. Соның ішінде, өзінің қызметтік міндетін асыра пайдалану немесе азаматтар тарапынан жалған жала жабу жағдайлары. Мұндай келеңсіздіктер туындаған жағдайда Өзіндік қауіпсіздік басқармасы істің ақ-қарасын анықтап, әркімнің заңды құқығын қорғауға міндетті».
Сонымен қатар, тәртіп бұзушылықтар мен заңсыздықтарға жол бермеу туралы көп айтылды. Тәжірибелік сабақ өте қызықты өтті, өйткені практикалық қызметкер жұмыс барасында болған оқиға мен жағдайларды мысалға келтіріп курсанттардың назарын өзіне аудара білді. Жастарымызға бағыт-бағдар, ақылы мен тәжірибесімен бөлісіп отыратын осындай қызметкерлер көп болса екен деп тілейміз…

Ішкі істер органдарында әлеуметтік
жұмысты ұйымдастыру кафедрасының
оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева