Қызметке деген сүйіспеншілік  полиция мұражайынан басталады

Қазіргі жаһандану үдерісінің даму кезеңінде білім ордаларының негізгі қызметі жас ұрпаққа оқу мен кәсіби білім ғана беріп қоймай, жан-жақты жетілген, эстетикалық талғамы биік, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары, әлемдік мәдениеттен хабары бар, ұлттық құндылықтарды қадірлей білетін, отаншылдық рухтағы тұлға етіп қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты оқу-тәрбие үдерісінде жастарды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін құрметтеуге үйрету, шыншылдыққа тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі.
Бұл бағытта ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы арнайы кәсіби даярлық бағыты бойынша білім алушыларын отансүйгіштік тәрбиеге баулу, олардың патриоттық сезімін дамыту, қызметке адалдық қасиетін арттыру мақсатында Қостанай облысы Полиция департаментінің мұражайын көрсету ұйымдастырылған болатын.
Мұражайда білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып,белсенділік танытты.

МҚП кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
С. Утегенова