Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асықпыз!

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында әр аптаның дүйсенбі күні оқу ордамыздың алаңында жеке құрам, профессорлық-оқытушылық құрам, күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары бір адамдай сап түзеп тұрады. Дәл осы күні Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов бір апта аралығында спорттық іс-шараларға белсене ат салысып, жетістіктерге жеткен курсанттарды құттықтады.