ҚР ІІМ Қостанай академиясы мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды



Осы жылдың 19 тамызында академиямыздың тарихында қалатын атаулы іс-шара болды. Атап айтсақ, ҚР ІІМ Қостанай академиясы мен Қазақстанның Азаматтық Альянсы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді үкіметтік емес ұйымдар мен полиция органдары жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізетіндіктерін мәлімдеді. Семинарға Қостанай облысы Полиция департаментінен және аудандық полиция учаскелерінен өкілдер қатысты. Болашақта азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту үшін үкіметтік емес ұйымдар мен полиция қызметкерлері бірлесе жұмыс жасайтындықтары баса айтылды. Халықтың құқықтық сауаттылығы да шектен тыс қалмады. Осы орайда адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қорғау» атты жоба көмектесетіндігі атап өтілді. Семинар соңында қатысушыларды Қазақстан Азаматтық Альянсының вице-президенті Гамал Бекболатович Түзелбаев арнайы сертификаттармен марапаттады.