Қостанай қаласы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілімен кездесу

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс курсанттарымен Қостанай қаласы бойынша есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Нигматзанов АмирСерикболұлымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – адамның есірткі заттарын пайдалану қаупін азайту мен есірткіні пайдалануға жол бермеу шараларын талқылау.

Өз сөзінде А.С.Нигматзанов курсанттарды қала және жалпы республика бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы жағдай туралы, Құқық қорғау органдары өткізетін іс-шаралар туралы хабардар етті. «Есірткі – қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі. Есірткіні қабылдау көптеген әлеуметтік және экономикалық проблемалармен қатар жүреді, нашақорлық — тәуелділіктің ең қауіпті түрі», — деп атап өтті. Әмір Серикболұлы нашақорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен факторларды, есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес қолданудың салдары, күдікті тұлғаларды анықтаған кезде қырағылық таныту қажеттілігі туралы сөз қозғады.
Кездесу соңында курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Сайлау