Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығына шығу сабағы

2019 жылдың қазан айында педагогика және психология кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Г.Ибраева педагогика және психология мамандығы бойынша оқитын күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 311-оқу тобы курсанттарымен «Девиантты мінез ˗құлық психологиясы» пәнінің аясында «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шығу сабағын  ұйымдастырды.
Сабақ барысында  психолог Оксана Александровна Власова Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімделу орталығының жұмыс ерекшелігімен таныстырды. Панасыз қалған аналар қажетті құжаттарды жинап, «Қостанай әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына»  тапсырады.  Содан соң арнайы коммисия құжаттарды тексеріп, шешім қабылдайды. Әйелдердің қоныстануы тек  «Қостанай әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ жолдамасы бойынша жүргізіледі. Жалпы бейімделу орталығында орналасқан толық емес отбасылар 3 жыл тұра алады. Тұрып жатқан аналар жұмыс істеуі  керек, себебі олар коммуналдық қызметтерді төлеуі тиіс.
Сонымен қатар бейімделу орталығында 2 жастан  6 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын балалар тобы бар. Орталық психологы Оксана Александровна балалар тобымен түзету жұмыстарын жүргізеді.
Курсанттар орталық психологы Оксана Александроваға сұрақтар қойып, оларға нақты және толық жауап алды. Орталық мамандары курсанттарға оқуда және қызметте сәттілік тіледі.

Педагогика және психология
кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Г. Ибраева