Қостанай облысы бойынша Полиция департаменті қызметкерлеріне кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілді

2019 жылдың қараша айының 22 жұлдызында Қостанай облысы бойынша Полиция департаменті басшылығының қолдауымен ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының магистратура бастығы, полиция майоры Кайнар Ерболат Ержанұлымен Полиция департаменті қызметкерлеріне магистратура және докторантураға оқуға қабылдау бойынша кәсіби бағдарлау іс-шарасы өткізілді.
Кәсіби бағдарлау іс-шарасын өткізу барысында магистратура мен докторантурада оқудың келешекте қызметкерлердің алдында қандай мүмкіндіктерді ашатын мәселелерді жеткізді. 2018 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес магистратура мен докторантураға оқуға қабылдау бойынша қабылданған өзгерістер бойынша қабылдау ережелерімен  таныстыруды оларға берілетін дәрежелерінің өзгерілгенін айтып өтті.
Жиынға қатысып отырған барлық қызметкерлерге магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша көрсетілген барлық ережелер мен құжаттар тізімін қамтитын буклеті табысталды. Докторантураға оқуға түсуге үміт білдірген қызметкерлердің қазіргі уақыттан бастап ағылшын тілінен сертификатқа қол жеткізуі үшін, онлайн тест тапсыруға болатынын және қай мекенжай бойынша, байланыс телефондары берілді.
Қызметкерлерге жүргізілген кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша қорытындылау барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Қызметкерлермен қойған барлық сұрақтарға толығымен жауаптар беріліп, олардың магистратура мен докторантураға үміт білдіретіндер болған жағдайда академияның ресми сайтына тіркеліп, оқуға қабылданғанша Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетімен кеңесіп отыру мүмкіндігі бар екені жеткізілді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті