ҚОСТАНАЙ-БАРНАУЛ: ОНЛАЙН ДӘРІСІ

2019 жылдың 21 мамырында Ресей Федерациясы ІІМ Барнаул заң институты криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры В. Ю. Белицкая «Көлік құралын қарап-тексерудің тергеу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі және сырттай оқу факультетінің 3 курс курсанттарына бейне конференция режимінде дәріс өткізді.

Сабақ барысында дәріскер курсанттарға оқиға орнын қарап-тексеру сияқты тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасы мәселелерін түсіндірді (негізгі екпін көлік құралдарын қарауға жасалды). Оқытушымен тергеу әрекетінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, тексеру түрлерінің жіктелуін белгіледі, сондай-ақ жеке тәжірибеден көптеген мысалдар келтірді. Дәріскер сабақты өткізу кезінде заңнамаларға салыстыру жүргізіп, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының жол оқиғаларының статистикасын ұсынды, бұл Академия курсанттарының қызығушылығын тудырды.
Дәріс соңында аталған тергеу әрекетін жүргізу барысында туындайтын проблемалық сұрақтар талқыланды.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы