Қостанайлық курсанттардың идеялары – Қазақстандағы болашақ реформалардың негізі

Бүгін ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы базасында Нидерланды Корольдігіне оқуға баратын үздік курсанттар командасы таңдалды.
Адам құқықтарын сақтау бүгінгі іс-шараның негізі болды. Үздік атақ үшін жеті команда бақ сынады. Бұл – Академия оқытушыларының жетекшілігімен қатысқан 21 курсант. Күні бойы олар «Алғаш рет сотталған әйелдерді психологиялық бейімдеу», «Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту», «Қазақстандағы шетелдік сотталғандардың құқықтары» тақырыптарындағы өздерінің зерттеу жұмыстары мен жобаларын таныстырды.
Қазылар алқасының төрағасы, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Арнаут ван Ваунденберг мырза жобаға өз қолдауын білдіріп, «Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі ынтымақтастықтың кең спектріне ие. Сонымен қатар, біз адам құқықтары саласында да ынтымақтасуға қуаныштымыз. Бұл жоба курсанттарға зерттеудің жаңа әдістемесін байқап көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды халықаралық және жергілікті университеттердің профессорларының әдіснамалық басшылығымен командада жұмыс істеуге үйретеді. Бұл модель әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында табысты қолданылады»-деп атап өтті.
ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы Н. Биекенов: «Академияның бірегейлігі – ол Орталық Азиядағы пенитенциарлық жүйе үшін кадрлар даярлайтын жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны және оқу орнымыздың миссияларының бірі ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады. Біз көбінесе қылмыстық-атқару жүйесінің проблемаларын жетілдіреміз», —деді.
Курсанттар Анастасия Кириченко, Дамиля Байжанова, Юлия Кривич «Экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандарды оңалту» зерттеу тақырыбымен жеңімпаз атанды.
Сапар аясында болашақ полиция қызметкерлері сот-құқықтық және түрме жүйесін дамыту, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау тәжірибесін зерттейді. Олар Голландиялық әріптестерімен тәжірибе алмасуға және голландиялық жоғары білім беру жүйесін зерттеуге мүмкіндік алады. ІІМ Академиясы Penal Reform International (PRI) — мен бірлесіп Capstone Project жобасын іске асыратын алғашқы ведомстволық жоғары оқу орны, оның шеңберінде Адам құқықтары бойынша зерттеулер жүргізеді.

 

Идеи курсантов из Костаная – основа для будущих реформ в Казахстане


Сегодня на базе Костанайской Академии МВД им. Шракбека Кабылбаева выбрана лучшая команда курсантов, которая поедет на обучение в Королевство Нидерланды.
За звание лучших боролись семь команд -​ 21 курсантов под руководством преподавателей Академии. В течение дня они презентовали​ ​ исследовательские работы и проекты на темы «Психологическая адаптация впервые осужденных женщин», «Права иностранных осужденных в Казахстане», «Психологическое сопровождение осуждённых склонных к аутоагрессивному поведению».
Председатель жюри, заместитель главы миссии посольства Королевства Нидерландов в Республике Казахстан г-н Арнаут ван Ваунденберг,​ выразил​ ​ поддержку проекта, отметив, что «Республика Казахстан и Королевство Нидерландов имеют широкий спектр сотрудничества. Вместе с тем, мы рады сотрудничать и в области прав человека. Данный проект предоставит​ курсантам возможность опробовать новую методику исследования, а также научит их работать в команде под методологическим руководством профессоров из международных и местных университетов. Данная модель успешно применяется в самых лучших вузах мира».
По словам начальника Костанайской Академии МВД им.Ш.Кабылбаева, полковника полиции Нурлана Биекенова — уникальность нашего учебного заведения заключается в том, что это единственный в Центральной Азии специализированный ВУЗ в сфере подготовки кадров для пенитенциарной системы. Одна из миссий Академии -​ проведение научных исследований. В большей степени разработка путей решения проблем уголовно-исполнительной системы.
Командой победителей стали курсанты Кириченко Анастасия, Байжанова Дамиля, Кривич Юлия с темой исследования – «Реабилитация осужденных за экстремистские и террористические преступления».
В рамках поездки будущие полицейские изучат опыт​ развития судебно-правовой и тюремной систем, а также защиты прав человека. У них будет возможность обменяться опытом с голландскими коллегами и изучить их систему высшего образования. Отметим, что Академия МВД​ первый ведомственный ВУЗ, который совместно с Penal Reform International (PRI)​ реализует проект Capstone Project, в рамках которого проводят исследования по правам человека.