«Қонақ дәрісі» жобасы аясындағы дәріс

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы мен ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Қонақ дәрісі» жобасы бойынша бірлескен оқу дәрістері өз жұмысын бастады.
Дәрістің алғашқы күні философия ғылымдарының докторы, профессор Тілеуғали Қайыржанұлы Бурбаев «Құқық және билік» тақырыбында академиямыздың 1-курс магистранттарына онлайн дәріс оқыды.
Тілеуғали Қайыржанұлы аудиторияға Құқық қорғау, сот және мамандандырылған органдардың профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде (оқытушылармен академиялық алмасу) қолға алынған іс-шаралардың маңызына тоқталып, құқық және билік ұғымдарын жан-жақты түсіндірді. Дәріс кезінде магистранттар қызмет барысында туындайтын мәселелерге қатысты өздерінің сұрақтарын қойып, профессордан толық жауап ала білді.
Сабақ соңында тыңдаушылар Тілеуғали Қайыржанұлына өзінің уақытын бөліп, мазмұнды әрі қызықты дәріс оқығаны үшін алғыстарын айтты.

ІСКБ