Қол ұшын созған курсанттар

2019 жылдың 27 қазанында Академиямыздың күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 203-оқу тобы психо-неврологиялық диспансерге барды. Мақсатымыз қазіргі жастардың рухани ой-санасын жетілдіру, қоғамның басты мәселелері мен даму үрдісін саралау, кішкентай балаларды қуантып, оларға көмек көрсету. Қазіргі заманның басты мәселелері өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Курсанттар осы ұстанымды қолдап, кішкентай бүлдіршіндерді қуантып қайтты.
Балалардың көңіл күйін көтеріп, тәтті сыймен қуантып және олардың зейіндерін ашуға арналған ойындар өткізді.  Балалар өмірдің қиын сынына ұшырағанына қарамастан, қатаң тағдырмен бетпе-бет кездесіп отыр. Олар көмекке мұқтаж болып келсе де, көздерінен өмірге деген құлшынысы мен отты көруге болады.
Бірақ, олар өз ата-анасының мейрімін сезініп, бірге қуанышты күн кешкілері келеді. Ешқандай кінәсі жоқ кішкентай бүлдіршіндерге өмірдің осындай ауыр сынына ұшыраудың себебін ешкімде айта алмайды, біздің қолымыздан келетіні тек-оларға жәрдем беру, аз уақытқа болса да қуанту. Менің ойымша, бұл психо-неврологиялық  диспансерге бару курсанттар үшін де пайдалы болды. Себебі әрбір бүлдіршінге қол ұшын созу — бұл біздің азаматтық парызымыз. Осы топтың курсанттары осындай игі істерді әрқашанда жасауды ұсынады. Өздерінің уақыттарын тиімді өткізгендері , алған әсерлері үшін өз алғыстары мен жылы лебіздерін  білдіруде.

203 топ кураторы
полиция капитаны
А.Әбдәлі