Қауымдастық төрайымынан Алғыс хат

Қостанай облысының психологтар қауымдастығы ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясымен Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруда бірнеше жыл бойы ынтымақтаса жұмыс жасап келеді. Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Биекеновке Қостанай облысының психологтар қауымдастығының бастамаларына  үн қосып,   жобалық іс-шараларға қолдау білдіргені үшін қауымдастық төрайымы Юлия Калюжная өз ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Қостанай облысы халқының діни сауаттылығын арттыруға және жастар арасында жалған діни негізде экстремистік идеялардың таралуының алдын алуға бағытталған жобаны іске асыруға белсенді қатысқаны үшін Академия қызметкерлері Мырзабек Туйганов, Болат Алпеисов, Елена Федотоваға Қостанай облысының психологтар қауымдастығының төрайымы Юлия Калюжнаяның атынан Алғыс хат табыс етілді.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі