Қарым-қатынас – ізгілік пен адамгершілік бастауы

Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – адамдармен жақсы қарым-қатынас болу және әдептілік жолы. Қарым-қатынас – адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара, белгі, таңба арқылы да бір-біріне мағлұмат бере алады. Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау, осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Қарым-қатынас демекші, бүгінде ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КПДжІІОБ кафедрасының оқытушылары алғашқы даярлық курсының тыңдаушыларымен «Қарым-қатынас – ізгілік пен адамгершілік бастауы» атты тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг өту барысында тыңдаушылар өздерінің пікірлерімен, шығармашылық ойларымен қуана бөлісіп, тренинг жаттығуларына белсене қатысты. Жалпы айтқанда, тренинг жақсы деңгейде өтіп, алдына қойған мақсатына жетті.

КПДжІІОБ кафедрасының
аға оқытушысы,
полиция капитаны
Н.Ж.Турсумбаева