Қарым-қатынас еркіндігі – тұлғаның ашықтығы

Біздің өміріміздің көп бөлігі қоғамда, яғни адамдардың арасында өтеді. Біз әрқашан әртүрлі мақсаттарда айналамыздағы жандармен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Өміріміздің жақсы не жаман болуы көп-жағдайда айналамыздағы адамдармен қарам-қатынасымыздың жайына болып жатады.

Академияның 4 курс 402 тобы курсанттарымен кураторлық сағат барысында «Қарым-қатынас еркіндігі – тұлғаның ашықтығы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің мақсаты — курсанттарға бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиетті сақтауға, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын ұстануға және оны қалтқысыз орындауға, дөрекілік көрсетпеуге, сұқпаттасушыны тыңдай білуге, өз пікірін толыққанды жеткізуге үйрету.

Тренинг барысында курсанттар берілген тапсырмаларды топ болып орындап, белсенді қатысты.

КПДжІІОБ кафедрасының
оқытушысы
полиция лейтенанты
А.Х.Оразов