Қарттарым асыл қазынам

 
Қарттарым алтын, баға жетпестей нұрмен тең,
Арнадым асыл сол алыптарға жыр көркем.
Бағала жастар, қарттарды көрсең қай жерде,
Уақыт келгенде қартаярмыз-ау бізде ертең.

Қартайса әкең, анаң екеуі қасыңда,
Аялай білсең, соларды достым жасыңда.
Батасын алып риза қылсаң оларды,
Жәннатық бақыт бар деп ойлай бер басыңда.

Демейтін солар, ақылды айтып арқаңнан,
Өмірді көрген олар ғой нағыз майталман.
Көрген жеріңде орныңнан тұрып құрмет қыл,
Кемімес одан ақша байлығың қалтаңнан.

Түрлі жағдайлар болып жатыр ғой бүгінде,
Сәйкес келмейтін қазақтың сонау біліміне.
Бақыт емес пе? Байлық емес пе? ырысың,
Бата берген қарияң болса үйінде.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
Е.Лашын