«Қан тапсырып, өмір сыйла» акциясы

Қазақстан Республкасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеке құрамы мен курсанттары жыл сайын жақсылық пен қамқорлық жасап жүреді. Бүгінде міне, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының «Қан тапсырып, өмір сыйла» акциясына бір адамдай атсалысып қан тапсырды. Бұл жасаған жақсылықтары басқа жастарға үлгі болары сөзсіз. Қай жерде болмасын жол қауіпсіздік ережелерін сақтамау, апатқа ұшырау және басқа да себептердің салдарынан зардап шеккен адамдарға қан тапсырып, өмірлеріне үміт сыйлау әр адамның міндеті.
Қан орталығының қызметкерлері қан тапсырушы қызметкерлер мен курсанттарға өздерінің алғыстарын білдірді.
Баспасөз қызметі