Қайырымдылық – асыл қасиет

Қостанай академиясының 3-курс курсанттары «Дельфин» Қостанай сәбилер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мекеменің аумағын тазартуға көмек көрсетті. Курсанттар бірден жұмысқа кірісіп, үйлесімді жұмыс жасай білді. Ауладағы қоқыстарды, жолдарды тазартып, гүлдерді суарды.

Мықты қол мен талпыныстың арқасында мекеме ауласы бірнеше сағаттан кейін тазарып қалды. Курсанттардың өздері, егер қажет болса, мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысатындығын жеткізді. Бұған дейін де Академияның курсанттары «Дельфин» сәбилер үйіне қол ұштарын созып, көмек көрсеткен болатын.

Ал мекеме басшылығы курсанттарға көңіл бөліп, қамқор болғаны үшін алғыстарын білдірді.

4-курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Сайлау