Қазақ Халық операсы – мәдениет тірегі

Он үшінші маусымда 1-курс жеке құрамы Қостанай қаласының Жастар сарайында өткізілген Қазақ Халық операсына барды. Бару мақсаты: ұлттық салт-дәстүрлеріиізді,мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырта отырып, асыл мәдениетінімізді жалғастыру болып табылады. Бізбен бірге курс басшысының саптық бөлім жөніндегі орынбасары полиция капитаны Н.Бақытқалиұлы барды. Аталмыш концерт ерекше өтті. Нұр-Сұлтан қаласының Қазақ Халық операсы концерті жоғары деңгейде өткізіп, ерекше әуендерімен көпшіліктің ықыласына бөленді. Достық белгісі ретінде екі өңірдің өнерпаздары күй өнерін бірге орындап, халықтың құлақ құрышын қандырды. Қостанай қаласы Қазақ Халық Ұлттық аспаптары операсы өз кезегіңде ерекше сыйластықпен, өзге өңірдің өңерпаздарына деген алғысын білдіріп, керемет кештің куәсі етті.
Осындай керемет операда ұлттық аспаптарымыз тебірене ойналып, жан тыныштығының себепшісі болды десек артық айтқанымыз болмас.Келешекте көптеген операларға үлкен қуанышпен саяхат жасап, қазақ мәдениеті дамуының себепшісі боламыз деген сенімдеміз.

1 курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Бакбаева