Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде күндізгі оқыту факультетінің курсанттары арасында сабақ өткізуге практикалық полиция қызметкерін тарту

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі орынбасарының жанындағы 2019 жылғы 23 ақпандағы ведомстволық білім беруді жетілдіру мәселелері бойынша кеңестің шешімін орындау үшін ағымдағы жылдың 31 мамырында Қостанай облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Андрей Викторович Григоревскиймен 305 – 307 оқу тобының курсанттарына «Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі» пәні бойынша «Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту» тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында курсанттарға қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескерту бойынша жергілікті полиция қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері, осы бөлімше қызметкерлерінің қызметтік жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері түсіндірілді, сондай-ақ ішкі істер органдарының құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын проблемалық жағдайлар келтірілді. Сонымен қатар, заңдылық пен қызметтік тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ болашақ практикалық іс-әрекет барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу қажеттігін түсіндіруге назар аударылды.

Сабақты қорытындылай келе курсанттар қызметкерге көптеген сұрақтар қойып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәжірибелік іс-әрекеттерінде туындаған жағдайларды белсене талқылады. Сондай – ақ, курсанттарға 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында жергілікті полиция қызметін жаңғыртудың негізгі бағыттары түсіндірілді.

Әкімшілік құқық
және әкімшілік қызмет
кафедрасының бастығы,
полиция майоры
А. Смышляев

Привлечение практического сотрудника полиции к проведению занятия среди курсантов факультета очного обучения в рамках реализации Дорожной карты по модернизации органов внутренних дел Республики Казахстан на 2019 – 2021 годы

Во исполнение Дорожной карты по модернизации органов внутренних дел Республики Казахстан на 2019 – 2021 годы и решения совещания при заместителе Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2019 года по вопросам совершенствования ведомственного образования 31 мая текущего года заместителем начальника Управления местной полицейской службы Департамента полиции Костанайской области, полковником полиции Григоревским Андреем Викторовичем было проведено лекционное занятие среди курсантов 305 – 307 учебных групп по дисциплине «Административная деятельность органов внутренних дел» на тему «Предупреждение и профилактика правонарушений, посягающих на общественный порядок и общественную безопасность».

В ходе занятия курсантам были разъяснены правовые и организационные основы деятельности местной полицейской службы по профилактике и предупреждению правонарушений, посягающих на общественный порядок и общественную безопасность, основные критерии оценки служебной деятельности сотрудников данного подразделения, а также приведены проблемные ситуации, возникающие в правоприменительной практике органов внутренних дел. Кроме этого, было уделено внимание разъяснению необходимости строгого соблюдения законности и служебной дисциплины, а также недопустимости совершения коррупционных правонарушений в ходе будущей практической деятельности.

В заключительной части занятия курсанты задавали сотруднику много вопросов и активно обсуждали приведенные им ситуации из практической деятельности сотрудников органов внутренних дел. Курсантам также были разъяснены основные направления модернизации местной полицейской службы в рамках реализации Дорожной карты на 2019 – 2021 годы.

Начальник кафедры
административного права
и административной деятельности,
майор полиции
А. Смышляев