Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған Қамысты ауданы әкімінің жүлдесі үшін еркін күрестен ХI республикалық турнирі

Турнир он бірінші рет денешынықтыру-сауықтыру кешенінің спорт залында Ресей Федерациясының Сургут, Нефтеюганск, Челябі қалаларынан  келген палуандардың  қатысуымен өткізілді.  Аталған турнирге ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының оқытушысы А. Ақылбековтың жетекшілік етуімен оқу ордамыздың бірнеше курсанттары белсене қатысты.
Ең мықты командалар арасында Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау қалаларынан келген спорт шеберлері, әртүрлі халықаралық турнирлердің жеңімпаздары, үздік спортшылары қатысты.
22 қараша күні жарыс қатысушылары мен команда өкілдері және төрешілер Қамысты ауданы әкімі Ғ.Бекмұхамедовпен кездесуге қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі жарысқа алыстан келген командаларға ризашылығын білдірді. Одан кейін спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі өткізіліп, аудандық мәдениет бөлімінің күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, жергілікті музыканттар мен әншілер ән шырқап, хореографиялық ұжым би билеп, жанкүйерлердің көңілінен шықты.
Келесі күні жарыстың салтанатты ашылуы кезінде жарыс иелері қонақтарға және қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, оқуда, спортта жетістікке жетуді  тіледі.
Турнирдің қорытындысы бойынша:
74 келі салмақ дәрежесінде бастапқы алғашқы дайындық курсының тағылымдамашысы Амалбек Алмаз 1- орынды жеңіп алды.
2-орындарға ие болғандар:
61 келі салмақ дәрежесінде бастапқы алғашқы дайындық курсының тағылымдамашысы Сейлхан Ардақ;
65 келі салмақ дәрежесінде бастапқы алғашқы дайындық курсының тағылымдамашысы Смаканов Ержан.
3- орынды 2- курс курсанты Галибеков Бекжан иеленді.

Жауынгерлік және дене дайындығы
кафедрасының оқытушысы
А. Ақылбеков