Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні!!!

2019 жылдың 4 маусымында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мейрамы аталып өтті. Мемлекеттік рәміздер күніне бүгін 22 жыл толып отыр. Айтулы мерекенің ашылу салтанатында Академия бастығы полиция полковнигі   Н. Биекенов құттықтау сөзін білдірді.

Мемлекеттік рәміз дегеніміз, ол мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері болып табылады. Мемлекеттегі әрбір тұлғаға Мемлекеттік рәмізімізді қастерлеу, қадірлеу парыз болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер — бұл біздің мемлекетіміздің біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиеттін біріктіруші образын білдіреді», — деп айтқандай, Тәуелсіз елдің ұрпағы мемлекеттік рәміздерді бала жасынан біліп, мәңгілік мақтаныш етіп отыру керек. Ұрпағымызды Отанын, Рәміздерін сүюге, өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында Академиялық іс-шаралар жиі өткізіледі. Мерекелік күннің маңыздылығы жайында Академияның Мемлекеттік және құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры М.Смағұлов баяндама жасады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік рәміздерді білмейтін адам кемде-кем шығар. Өйткені мемлекеттік рәміздер педагогикалық білім беру жүйесінде және білім беру тәжірибесінде айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде.

Қорыта келе айтатыным, еліміздің ежелден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашаққа дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісі. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін атсалысуымыз керек.

полиция қатарындағы
2 курс курсанты
Гүлнұр Максетова