Қазақстандағы адам құқығының жағдайы

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде 2020 жылға арналған арнайы алғашқы оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курсының жоспар-кестесіне сәйкес 2020 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпаны  аралығында  ҚАІІБ орта басшылық құрамымен «Адам құқығы» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
2020 жылдың 28 қаңтарында Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросының Қостанай облыстық филиалының директоры, Қостанай облысы бойынша азаптаулардың алдын алу бойынша Ұлттық алдын-алу тетігінің мүшесі М.М. Ахметбекова Академияның жалпы заң пәндері кафедрасымен бірлесіп «Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың адам құқықтары бойынша рөлі» тақырыбында тренинг өткізді.

ЖЗП кафедрасы бастығының орынбасары
полиция майоры
М.Смагулов