«ҚАЖ мекемелерінде есепке алу және ұстаудың режимін құқықтық реттеу» пәні бойынша олимпиада

2019 жылғы 21 қарашада ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жедел-іздестіру қызметі кафедрасы күндізгі және сырттай оқыту факультетінің төртінші курс курсанттары арасында «ҚАЖ мекемелерінде есепке алу және ұстаудың режимін құқықтық реттеу» атты арнайы пәні бойынша олимпиада өткізді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1–кезеңде курсанттар тапсырмаларды орындап, солардың ішінен ең мықты курсанттар іріктеліп, олар 2-кезеңге өтті. 2–кезең іріктелген курсанттар арасында тест тапсырмаларын орындау нысанында өтті; соңында жүлделі орындар аталды:
1 орын – Атипиева Д., Лавринович А., Кенурбеков М.
2 орын – Советказин Р., Құсайын Ә., Ермек К.
3 орын – Сатиева А., Унаева В., Нарзиев Д.
Курсанттардың олимпиадаларға қатысуы, олардың қабілеттерінің дамуын бағалайтын маңызды дода. Өйткені, олимпиадаларда әдетте күрделі тапсырмалар шешіледі. Бұл тек білімді тексеру ғана емес, өз бетінше ойлау және алған білімдерін орынды қолдана білу. Жоғары жетістіктер мен олимпиадалардағы жеңістер оқытушы және курсанттың бірлескен еңбегінің нәтижесін көрсетеді.
Олимпиадаларға қатыса отырып, курсанттар өз білімдерін жетілдіріп, алдағы уақытта ғылыммен шұғылдануға және ғылыми әлеуетін жетілдіруге, құқық саласындағы білімін тереңдетуге және іскерлік қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, яғни болашақ мамандар кәсіби қабілеттерін дамытады.
Қорытындылай келе, осындай іс-шаралар курсанттарды оқуға ынталандырады, болашақта білікті және білімді маман болып шығуға зор үлес қосады дейміз.

ЖІҚ кафедрасы