ҚАЖК өкілімен кездесу

2019 жылғы 24 мамыр күні кураторлық сабақ барысында Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушысы — Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК қызметкері, әділет подполковнигі Талғат Исмагулович Тойчинмен күндізгі оқыту факультетінің 202 оқу тобына кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлерінің алдына қойылатын міндеттері туралы, жеке құраммен күнделікті және төтенше жағдайларда өз қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі қызметтік тәртіп пен заңдылық талаптарын сақтау туралы әңгіме жүргізілді.
Тәжірибеге тек қана білімді қызметкерлер ғана қажет, құжаттарды қалай толтыру, грамматикалық жағынан білімді болу, осының бәрі полиция қызметкерінің келбетін құрайтынын, қызмет барысында офицер абыройын жерге түсірмейтіндей қазіргі таңда білімге қатты көңіл бөлу қажеттілігі туралы айтты.
Курсанттар тәжірибесі мол Талғат Исмагуловичке өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсінікті жауаптарын алды. Кездесу өз мақсатына жетті.

202 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
В.Касенова