Қадірменді Отан қорғаушылар, ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ұжымының және өз атымнан Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке егеменді еліміздің айбынын асқақтатып жүрген Қарулы Күштер сапындағы сарбаздарға көрсетілген зор құрмет деп білеміз!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз.
Сондай-ақ 76 жыл бұрын тарих төрінен орын алған Ұлы жеңіс мерекесімен барша ардагерлерді құттықтаймын! Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Сіздерге ұрпақтарыңыз атынан шексіз алғыс білдіремін. Мерейлі мерекелермен құттықтай отырып, бәріңізге бақыт пен қуаныш, еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және бейбіт ғұмыр тілеймін.
Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекелері.
Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Академия бастығы Н. Биекенов

Уважаемые защитники Отечества, дорогие ветераны и труженики тыла!

От своего имени и коллектива Костанайской академии МВД РК имени Ш. Кабылбаева сердечно поздравляю вас с Днем защитника Отечества и праздником Великой Победы!
Этот день олицетворяет одновременно летопись героических подвигов казахстанцев и преемственность традиций служения Отечеству. Этот праздник, который призван повысить престиж и имидж Вооруженных Сил РК как внутри страны, так и за ее пределами. Так же разрешите поздравить Вас дорогие ветераны и труженики тыла со знаменательной датой – 76 летия Великой Победы!
День Победы – значимый и волнующий для всех казахстанцев праздник, олицетворение силы и единства нашего народа. Никогда не иссякнет наша благодарность и преклонение перед подвигом ветеранов-фронтовиков, тружеников тыла, а также всех тех, кто поднимал разоренную страну из руин и пепла. Мы искренне и глубоко признательны каждому ветерану за боевые и трудовые подвиги, благодаря которым сохранены мир, покой, честь и свобода нашей Родины.
Желаю всем крепкого здоровья, счастья и благополучия! Ветеранам войны и труженикам тыла – активного долголетия, бодрости и уверенности в завтрашнем дне! Мира и чистого неба над головой!
С праздником!

С уважением,
Начальник Академии Н. Биекенов