Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеке құрамы Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – әр адамды толқытатын ерекше де, аса қастерлі, айтулы күн.
Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да, ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.  Сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген ұранмен шайқасқан батырларымызға бас иіп, құрмет көрсету – бұл ұрпақтың парызы. Сіздердің ерліктеріңіз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас-қайрат, бақ пен береке тілейміз!