«Қабылбаев ұрпақтары» жеңімпаз атанды

 

Дүйім жұртқа жақсы жаңалықты хабарлау, сүйінші сұрау ол, әрине өте тамаша. Менде осы Академияның хабаршысы, дәлірек айтқанда баспасөз хатшысы болғандықтан көпшіліктен сүйінші сұрағым келіп отыр. Ол сүйіншім Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері республикалық «Парасатты полиция» сайысында жүлделі орынға ие болғаны еді.

Бұл «Парасатты полиция» сайысы осы жолы 2017 жылғы 24-25 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында ұйымдастырылды. Республикалық сайысқа Ішкі істер министрлігіне қарасты барлық департаменттер мен оқу орындарынан құралған 19 команда бақ сынасты.

Аталмыш сайысқа Академия қабырғасында құралған «Қабылбаев ұрпақтары» командасы қатысып, жүлделі ІІІ-ші орынға ие болды. Бізде бақтары жанған әріптестерімізді осынау жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз. Болашақта бұданда биік шыңдардан көтеріліп, Академияның беделін арттыра берсін демекпіз. Аталмыш сайыс туралы алдағы сайтымыздың нөмірлерінен толықтай оқи аласыздар.

 

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов