Ғалымдардың қатарын толтыруға бағытталған кәсіби бағдар жұмысы

2020 жылдың 07 ақпанында Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факуьлтеті бастығының міндетін атқарушы, (PhD) философия докторы, полиция майоры Е.Қайнар – Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне магистратураға және доктарантураға қабылдау бойынша кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді.
Кәсіби бағдарлау жұмысының мақсаты ІІО қызметкерлерін ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми және педагогикалық магистратурасына және доктарантураға қабылдау шарттары мен құжаттарды тапсыру тәртібімен таныстыру, олардың Академия сайтында тіркелудің жолдары түсіндірілді. Жиынға қатысқан қызметкерлер арасында 3 қызметкер магистратураны бітіріп, докторантураға түсу тәртіптерін сұрады.
Іс-шара барысында академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға және доктарантураға кандидаттарды қабылдау емтихандардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылатындығы, сонымен қатар, ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы жайлы, магистратура мен доктарантурада білім алудың мәні мен мақсаттары туралы түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Іс-шара соңында қызметкерлер алғыстарын білдірді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті