ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының ұйымдастыруымен патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді

2020 жылдың 25 қарашасында ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет кафедрасы «іздестіру зерттеулер» тақырыбы аясында патрульдік полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы ІІМ білім беру ұйымдарының оқу процесінде әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімін қолдану ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында ведомстволық білім беру ұйымдары түлектерінің қызметтік іс-әрекеттерді жүзеге асыруға дайындығы, оның ішінде техникалық құралдар мен ақпараттық жүйелерді пайдалану дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Патрульдік полиция тәжірибеде әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінің мобильді қосымшасын пайдалану ерекшеліктерін қарастыруға ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша оқытушылар мен тәжірибелік қызметкерлер арнайы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, сондай-ақ курсанттар мен алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларына тәжірибеде бағдарланған оқытуды қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсынымдар әзірледі.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы