ІІО әкімшілік қызмет кафедрасымен ҒЗО тобы қызметкерлерімен және ғылыми-педагогикалық магистратураның магистранттарымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді

2019 жылдың 25 желтоқсанында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО Әкімшілік қызмет кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларына әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша оқытудың практикалық бағыттылығын қатамасыз етудің қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері полиция майоры О.С. Савицкая мен полиция капитаны Л.О. Хон және ғылыми-педагогикалық магистратураның магистранттары шақырылды. Дөңгелек үстелдің модераторы кафедраның аға оқытушысы С.В. Корнейчук болды. А.Е. Мукажанов «Қазақстанның ІІМ оқу орындарын реформалаудың тенденциялары мен перспективалары» атты баяндамасымен аяқтады. Дөңгелек үстел барысында ең басты сұрақтарының бірі арнайы бастапқы оқыту курсы тағылымдамашыларының проблемалары мен перспективаларын жақсарту мақсатында талқыланды.
Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушылар бірауыздан шешімге келіп, ұсынымдар жобасын қабылдады. Қорытындылай келе ғылыми және тәжірибелі қызметкерлерінің ортақ күш салуымен ұсыныстар әзірленді.

ІІО Әкімшілік қызмет
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А. Әбдәлі