ІІО қызметкерлерінің танымдық процестерге арналған тренинг

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару кафедрасының оқытушылары полиция лейтенанты А.Х.Оразов және полиция лейтенанты Е.Ж.Толыкпаев «ІІО қызметкерлерінің танымдық процестер арқылы кәсіби-психологиялық қасиеттерін дамыту» тақырыбында біліктілікті артыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушыларына, кезекші бөлім қызметкерлері мен саптық бөлініс қызметкерлеріне тренинг өткізді. Полиция қызметкерлер заңда және әскери жарғыда белгіленген тәртіп пен ережені бұлжытпай дәл сақтай отырып, психологиялық тұрғыдан да мықты болуға, сонымен қатар әр дайым өзінің танымдық процесстерімен қабілеті жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ететін негізгі шарттың бірі екенін ұмытпау қажет. Қатысушыларымыз тапсырмаларды және жаттығуларды орындауға белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Тренинг соңында бір-бірлерімізге ізге тілектер айтылып тарқасты.

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО-ны басқару
кафедрасының оқытушылары
полиция лейтенанты А.Х. Оразов және
полиция лейтенанты Е.Ж. Толыкпаев