«ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі тиімді коммуникациялар»


Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде Академия қабырғасында «ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі тиімді коммуникациялар» тақырыбында ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттарымен тренинг-семинары өткізілді. Тренингті психологиялық жұмыс орталығының бастығы психология ғылымының магистрі полиция майоры Мырзабек Сардарбекұлы Туйганов ұйымдастырып өткізді.
Тренинг барысында шешендік өнер қабілеті, коммуникативтік дағдыны дамыту, агрессиямен күрес, экстремалды жағдайда өзін-өзі ұстай білу, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру, шыдамдылық, сабырлық және ұжымда жұмыс істей білу дағдысы мен машықтарына баулудың тиімді тәсілдерін үйретуге арналған. Бұл- ішкі істер органдары қызметкерлерінің дамуына, коммуникативті дағдының қалыптасуына, топтаурындарды жоюға, психологиялық көмек көрсетуге байланысты арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы болды.
Тренингке қатысушы магистранттар өз мүмкіндігін байқауға, рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыруға, өзіндік санасын жетілдіруге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланды.
Аталған тақырыпта өткізілген іс-шара қатысушылардың көңілінен шықты.Өзінің білімімен, ептілігімен және шеберлігімен баурап алған тренерге магистранттар алғыстарын білдіріп, болашақта тағы да осы сынды тренингтердің өткізілуіне тілек білдірді.
Аталған іс-шара болашақта басқа да тақырыптарда өткізілетініне сенімдіміз және атсалысатын боламыз!

Магистратура аға оқытушы-әдіскері
полиция подполковнигі
Г. Едресова