ІІО ПРАКТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПУЛЫ АЯСЫНДА ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ

Ағымдағы жылғы 5 сәуірде алғашқы кәсіби даярлық курстарының 2-оқу тобы тыңдаушыларына Академия түлегі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Г.З. Чутабековпен кәсіби даярлық бөлімі бойынша «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босату тәртібі және оны құқықтық реттеу» тақырыбында кезекті онлайн дәріс сабақ өткізілді.

Дәріс сабағы диалог форматында өтті. Әрбір тыңдаушы сотталғандарды қылмыстық жазаны өтеуден босатуды құқықтық реттеу, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босату тәртібі, жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлерге жазаны орындауды кейінге қалдыру, жазаны өтеуден босатылатын адамдарға көмек көрсетуге қатысты, ҚАЖ қызметкері сәтті қызмет етуі үшін қандай кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы керек және тағы да басқа өзін қызықтыратын бірқатар сұрақ қоя алды. Өз кезегінде Габит Зуфарович болашақ жас ҚАЖ қызметкерлеріне жұмыста өзін қалай ұстау керектігі, босатылатын сотталғандармен психологиялық байланыс орнату және қызмет барысында кездесетін әртүрлі сындарға қалай қарау керектігі туралы бірнеше кеңестер берді. Тыңдаушылар сабақ барысында жағымды әсер алды.

Сабақ соңында тәжірибелік қызметкер тыңдаушыларға оқуда, кәсіби қызметте табыс және өз мақсаттарына қол жеткізуде ақ жол тілей отырып, алдағы уақытта тек қана жетістіктерге жетіп, өз елінің патриоты болуға, халқына аянбай қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар тыңдаушылар тәжірибелік қызметкерге өз алғыстарын білдірді.

ҚҚжЖОҰкафедрасының
аға оқытушысы
полиция капитаны
А.Мұрат