ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-саптық бөлімшесінің 3-курс курсанттары ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа алғашқы Жолдауын тыңдады.

Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев жаңа тарихтың маңызды белестеріне жақындап келе жатқанын атап өтті. «Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады», — деді. Мемлекет басшысы қазір Қазақстанды дамудың жаңа сапалы кезеңдеріне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Олар:

  1. Заман талабына сай тиімді мемлекет;
  2. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  3. Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика;
  4. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі;
  5. Қуатты өңірлер-Қуатты ел.

Қасым-Жомарт Тоқаев бес тараудан тұратын Жолдауының бас жағында саяси реформалар туралы айтты. «Елдің қоғамдық саяси өмірін жаңартпай, экономикалық реформаларды табысты жүргізу мүмкін емес» деген ол «елде көп партиялар арасындағы бәсекелестік пен плюрализмді дамыту керегін»  сөз етті.

«Мықты президент-беделді парламент-ісіне есеп беретін үкімет-мемлекеттің тұрақтылық формуласы», — деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.  Академия курсанттары  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдап, алдағы уақытта Жолдауды негізге ала отырып, белсенді нәтиже көрсетуді мақсат етті.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
Гулнур Максетова