Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы оқытушыларының оқу құралдары жарыққа шықты

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары дайындаған бірнеше оқу құралдары басылып шықты;
«Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары» (Конвисарь А.А., Садыханова Ш.К.) сызба-альбомында әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларын қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, себебі оларды меңгеру әлеуметтік қызметкерлердің қызметінің тиімділігін айқындап береді.
Оқу құралы әлеуметтік қызметкерлерді даярлауда жетекші, негізгілердің бірі болып табылады.
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы пәндері бойынша терминдер сөздігі» (Садыханова Ш.К.) әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, әлеуметтік саясат, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, әлеуметтік медицина және де жалпы қоғамдық пәндерге арналып, қазіргі заманғы стандарттық үлгілерге, ұтымды үрдістерге сай құрастырылған. Бүгінгі уақыт талабына орай қоғамдық саладағы халықаралық қолданыстағы сөздер де қарастырылған.
Оқу құралы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын курсанттарға, студенттерге, магистранттарға сонымен қатар жоғары оқу орнының оқытушыларына және басқа да саладағы мамандарға пайдалануға арналған.
«Әлеуметтік жұмыскердің мінез-құлқының этикалық негіздері» атты оқу құралында (Садыханова Ш.К.) кәсіби әдеп көдексінің түсінігі, мақсаттары, міндеттері, функциялары, әлеуметтік жұмыскер қызметінің кәсіби-әдептілік стандарттары, әлеуметтік жұмыскердің рухани-адамгершілік бейнесін, әдептілік міндеттемелерін, сонымен қатар шетел әлеуметтік жұмыскерлерінің әдеп кодексінің ерекшеліктері қарастырылған.
Оқу құралы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын курсанттарға, студенттерге, магистранттарға сонымен қатар, жоғары оқу орнының басқа да саладағы оқытушыларына пайдалануға арналған.
«Түзеу мекемелерінен босатылатын сотталғандармен қылмыстық-атқару жүйесіндегі психоәлеуметтік жұмыс» атты оқу құралын Ресей Жазаларды орындау федералдық қызметі академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері бірлесіп шығарған (псих.ғ., докторы, проф. А.Н.Сухов, ф.ғ.к., доц. В.Н.Казанцев, псих.ғ.к. доц. Н.А.Полянин, пед.ғ.к, доц. В.Е.Матвеенко, пед.ғ.к., доц. Н.А.Тулкинбаев, О.Г.Ананьев, И.А.Кузнецова, Б.В.Александров).
Оқу құралында түзеу мекемелерінен босатылған сотталғандармен қылмыстық-атқару жүйесіндегі психоәлеуметтік жұмыс әлеуметтік-психологиялық диагностика синтезін, әлеуметтік психологиялық кеңес беруді және әсер етудің әртүрлі әлеуметтік-психологиялық технологияларын қолдануды көздейтін әлеуметтік-психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастырылады.
Оқу құралы курсанттарға, тыңдаушыларға, практикалық қызметкерлерге, пенитенциарлық психологтарға, сотталғандарды әлеуметтік қорғау топтарының мамандарына, сондай-ақ психоәлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру проблемаларына қызығушылық танытатындарға арналған.

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының аға оқытушысы
Ш.К.Садыханова