Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жайы талқыланды

Кәсіби даярлық факультеті курсанттарының теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, практикалық қызмет үшін қажетті тиісті кәсіптік дағдылар мен іскерліктерді игеру және жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 25 қарашасында Академияның кәсіби даярлық факультетінің 3-курс 308-309 оқу топтарымен (қылмыстық-атқару мамандандыру) криминология пәнінің «Террористік және экстремистік әрекеттің криминологиялық сипаттамасы және алдын алу» тақырыбы бойынша өткен сабаққа Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының оналту және бейімдеу бөлімінің басшысы Ыбышев Ерхан Талғатұлы арнайы қонақ ретінде шақыртылған болатын.
Сабақ барысында шақырылған қонағымыз діни экстремизм мен терроризмнің таралу себептерін және қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық және рухани жағдайына ықпал ететінін айтты. Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары профилактика және мақсатты оңалту сияқты негізгі екі бағытта жүргізіледі, ал 2013 жылдан бастап елімізде діни экстремизм мен терроризм идеологиясын таратудың себептері мен жағдайларын жою және атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде 202 комиссия жұмыс істейді.
Кездесу конструктивті түрде өткізілді, курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Практикалық қызметкер мен курсанттардың осындай кездесулері оқуға және арнайы кәсіби пәндерге қызығушылығын арттыруға, білім сапасын жақсартуға үлкен әсерін тигізеді.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М. Қалқаманұлы