Экстремизмге қарсы әрекет ету жастардың бастама қозғалысы

2019 жылдың 23 мамырында жедел-іздестіру қызметі кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамының қатысуымен экстремизмге қарсы іс-әрекетті насихаттайтын іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараны ұйымдастырып, қажетті материалдармен қамсыздындарылуын кафедраның курсанттардан құралған «Сақшы-На страже» ғылыми-зерттеу үйірмесі мен жетекшісі полиция капитаны А.А. Шаймуханов жүзеге асырды.
Осы іс-шараға Қостанай облысы полиция Департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры С. Бапенов арнайы қатысты. Іс-шара барысында 2-ші курс курсанттары: К. Амирханова, Ж. Жолшыбек, В. Потеюк және 1 курс 107 топ жоспарлы түрде өздері дайындап әкелген кафедра мамандарымен келісілген материалдар бойынша экстремизмнің анықтамасын, оның зияны мен жауапкершіліктері туралы мәліметтерді, көкейге жеңіл ұғымды тілмен көрнекі жеткізе білді. Іс-шара сайыс түрінде өткізілді.
Соңында, жеңімпаз әрі өзін алғырлығымен танытқан курсанттар мадақтамаға және кішігірім сыйлықтарға ие болды. Мұндай сайыс әрі ойын түрінде өткізілетін танымдық насихаттау шарасы құқық қорғау органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес, Елбасының Жолдауында көзделген бір мүдделілікті айқындауда өте тиімді. Практика қызметкері полиция майоры С. Бапенов та мұның куәсі болып, қорытынды өте жақсы деген көзқарасын білдірді. Мұндай іс-шараға өзінің де көмек, қол ұшын беруге дайындығын айтып, қолда бар қажетті материалдарды табыс етті.

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.А.Шаймуханов