Ыбырай Алтынсарин — ұлы ағартушы, педагог

2020 жылдың 17 ақпанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында мәдениет университеті аясында Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің аға ғылыми қызметкері Айымгуль Төлегенқызы Омарканова кәсіби даярлық факультетінің 2, 3-курс курсанттарын және алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларын қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен, ағартушылық еңбектерімен және шығармаларымен таныстырды.
Ыбырай Алтынсарин өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде «Кел, балалар, оқылық» деп қазақ балаларының қамын ойлап, білімді болуын армандаған бірден-бір тұлға болып қала бермек. Оның осы қанатты сөздері әлі де өз күшін жойған емес. Ыбырай атамыздың шығармаларындағы адамгершілік құндылықтары әр адамның бойында болса, ол адам өмірде бақытты және өзіне де қоршаған ортаға да қиянат жасамайтын, жастарды ізгілік пен әділдікке, зейінділік пен еңбекке баулуды көздейтін, ертеңгі ел қорғайтын жас буын нағыз тәртіп сақшысы болатындығына сенімім мол.

Баспасөз қызметі