ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ ҰРПАҚТАРЫ

2021 жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Академиямыздың 50 жылдығына орай ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Б.Ильяс пен полиция капитаны А.Әбдәлі алғашқы кәсіби даярлық курсының 1және 9 топ тыңдаушылары арасында «Ш.Қабылбаев ұрпақтары» атты викторина ұйымдастырды.
Викторинаның мақсаты алаштың аяулы азаматы Шырақбек Қабылбаевтың өмір жолы мен патриоттық өнегесін жас ұрпаққа үлгі ету болып табылады. Тыңдаушыларға Шырақбек Қабылбаевтың өмірі мен еңбек жолы жайында бейнематериал, фотосуреттер көрсетіліп, ол кісінің ішкі істер саласының дәрежесін көтерген тұлғалардың бірі екендігі айтылды.
Үш кезеңнен өткен сайыста команда таныстыруы мен ұрандары айтылды. Екінші кезеңде Ш.Қабылбаевтың өмірбаянынан түсіндірме бойынша баяндама жасады. Үшінші айналымда әр топ сұрақ-жауап арқылы пікір-сайысқа түсті.

Викторинаның бірінші кезеңінде 9 взвод тыңдаушыларынан құралған «Шырақ» командасы, «Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда үміттіміз жеңіске» ұрандарын жеткізді. 1 взвод тыңдауашыларыда намысқа тырысып, өздерінің тобын «Қайрат» командасы, — деп атап «Қайраттанған ер өлседе, ел өлмейді деп» — ұрандатты.


Кәсіби даярлық факультеті бастығының міндетін атқарушы Г.Т. Құлжанова және аға оқытушы – әдіскер полиция подполковнигі Л.Т. Кинжебаева, оқытушы – әдіскер полиция капитаны Д.А. Талғатбекова ойынғатөрағалық етіп, әділ бағаларын берді.
Үш кезеңнің қортындысы бойынша, әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Шырақ» командасы 110 балмен жеңіске жетті

ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны А.Әбдәлі